ҚАС

lat: QAS

с ы н. 1. Біреуге жамандық ойлаушы, өш. Исатай деген ағам бар, Ақ кіреуке жағам бар. Хан ұлымен қ а с болып, Қара ұлымен дос болып, Хан үстіне барғанда, Шабайық ханды дегенде, Шапқандай ханды амал бар, Амал барда хан шаппай, Тәңірім қылды не амал бар?! (Махамбет, Шығ.). Атқамінер бірімен біреуі қ а с, Біріне-бірі сеніп айтпайды рас. Бірінен-бірі бұрын жағынбаққа, Қаламның ұлығынан дүние аямас (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Сөйлес деген мейманға, Сөз қатқанша кешікпе. Халықпенен қ а с болып, Оңбас іске өшікпе (XVIIIXIX ғғ. қаз. ақын.). 2. Дұшпан, жау. Қ а с ы м айтпайтын сөзді қайным айтты (М.Әуезов, Абай жолы). Ақжелек, Ақырғайдай ата-анамның, Көз жасын көл қылғанға өкпелімін, Ерке өсіп, емшек емген жас баламын, Дұшпанға ерегіскен қ а с баламын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).