ҚАС

lat: QAS

[ар. خاص ] ү с т. Нағыз, тым, өте, аса; қаса. “Мұң-қайғы мойытпады әсте мені”, Дейтұғын ұлың да бір қ а с төре еді. Әкем жоқ, сен аурусың, соны ойласам, Көзіме екі тарам жас келеді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Қ а с жаман қасындағысын қарақтайды (Қаз. мақал.). ...Енді бетім, елді көр еңбек емген, Басында бағы жанып, күндей күлген. Қомданып, қ а с қырандай қаруланып, Алыста орағытқан жауға төнген (М.Жұмабаев, Шығ.).