ҚАСИЕТ

lat: QASIET

[ар. خاصية ] з а т. 1. Әрбір затқа, нәрсеге тән айырмашылық белгі, сапалық ерекшелік. Күндердің күні туғанда Аяққа салып таптайды. Батырлық мың қ а с и е т Халық тұзын ақтайды. Көпке күшін сатпайды (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Мінезім жоқ жасанды, Құбылуды білмедім. Халқымнан сіңген қашанғы Қ а с и е т і м бұл менің (С.Мәуленов, Алыс кет.). Сиқырына таң қалатын Тас бар, аты магнит. Темір оған құл болатын, Бар осындай қ а с и е т (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 2. Адам бойына жаратушы өзі дарытқан [деп саналатын] айрықша қабілет, тылсым күш, кие, әулиелік, құпия сыр, құдірет. Нақ сол жылы көктемде Матай тауы маңындағы көк белге Қонып ұшқан сыңар аққу Петербордың төбесінен өткенде, Әлгі аққудың мұңлы әніндей Мұңлы хабар Федордың Құлағына жеткенде: Шапағатқа суарылған сүйегі, Дос сезімде қ а с и е т бар киелі (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ибрахим ата оқымысты, иманды, Ислам қағидаларын, хадисті жақсы білген, Құдайға құлшылық етіп өскен адам. Түркия энциклопедиясында жазғанындай, Ибрахим атаның он мыңға жуық шәкірттері муридтары болған. Қасиетті діндар Ибрахим атада ешкімде жоқ қ а с и е т т е р болған (Зиярат орынд.). Сүйем деп бір рет Келді жан ерінге, Сезіп тұр қ а с и е т Аузыңнан, тегінде (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).