ҚАСИЕТТІ

lat: QASIETTİ

с ы н. 1. Қастерлі, ардақты, аса құнды. Азаматтық адамзаттың қ а с и е т т і ұраны. Бұл әңгіме болды-ау маған ұлы сын. Осы ұлы адам туралы Үлкен дастан жазбасам Ақын атым құрысын! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Махаббатқа жан пидалық етпедің бе, Бәрі бекер! Енді қалған қызығыңның нарқы кеміп, мәні кетер. Өзінің ең қ а с и е т т і әнін қорғай алмаған жан Басқа істе де қабілетсіз... бағы мәңгі жанбаған жан (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. Әулиелі, киелі, аруақты. Қ а с и е т т і аяқ жеткен қалалар мен ауылдық жерлер Шымкенттен 12 км жерде Сайрам, Шымкент қаласынан күн батысқа қарай 175 шақырым жүрсеңіз, киелі Түркістан қаласына жетесіз (Зиярат орын.). Жақсы ғой бәрі ырымға, Жүз ұя салсын мейлі ғой. Қарлығаш деген, шынында, Қ а с и е т т і құс дейді ғой (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 3. Құдіретті, қастерлі. Алсам да атақ елден ақын деген, Мен саған жаза алмаспын татымды өлең. Бір күні көз жұмарда күрмелер тіл, Өзіңнің қ а с и е т т і атыңменен (С.Мәуленов, Алыс кет.). Бақытты ғой иығына ел сенімін артқандар, Туған жерде пайғамбардай қ а с и е т т і қарттар бар (М. Шаханов, Ғасырлар.). 4. Құтты, айрықша қадірлі. Осал жерге Ортаймас бақ қона ма?! Ел көңілі толмаса тақ қона ма. Келер күндер, бере гөр құтереке Елдің төрі, қ а с и е т т і Астанама (К.Салықов, Жезкиік). Бауырыңнан өр, дауылпаз дана шығып, Атыңды айғақ етті, алаш ұғып. Сәкеннің кіндік қаны тамған жері Есен бол, қ а с и е т т і Қарашілік (К.Салықов, Жезкиік). 5. Тылсым, құпия, жұмбақ. Қ а с и е т т і есік ашылды, Тамсантты жаңа ғасырды, Түркістаным “Кіші Меккеатанған. Даналар зират тапқан жер, Әзірет Сұлтан жатқан жер, Жеті жаста әулиеден бата алған (К.Салықов, Жезкиік). 6. Беделді, абыройлы, кісілігі мықты, адамгершілігі зор. Кешегі бір заманда Қ а с и е т т і еді хан, қараң, Мынау азған заманда Қарасы антқор, ханы арам (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Өз тіліңде дария бол, Теңізге айнал, көлге айнал. Қ а с и е т т і қария бол, Таусылмайтын бол қайнар (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 7. Берекелі, ырысты. Бір желпіп аққу құстың қанатындай, Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай. Қ а с и е т т і Наурыз тойын пәктігіңнің Тойы деп айтуға да болатындай (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Күн шықпай көңілінде жыр келе ме? Отырған жолаушымыз бір кемеде. Қ а с и е т т і Наурыз тойын кісіліктің Тойы деп айтсам, тілім күрмеле ме? (Т.Молдағалиев, Шақырады.).