ҚАСЫНДАҒЫ

lat: QASYNDAǴY

с ы н. Бірге жүрген; жанындағы. Жас оқушы Ақылбай қ а с ы н д а ғ ы жігіттер ақынның қолжазбасын біреуінен біреуі ауыстырып, қыдыртып жүріп, көшіріп алуға еңбек етпеген (М.Әуезов, Әр жыл.). Қ а с ы н д а ғ ы қаракер құлын жерден тың тыңдағандай басын төмен салып мүлгіпті де қалыпты (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Ұнатып көңілі кеткен соң, Қ а с ы н д а ғ ы жолдасын Жақсылыққа жіберіп, Зылиқаны сұрайды (О.Шипин, Дастан.).