ҚАТАЛ

lat: QATAL

с ы н. 1. Талап қойғыш, талабының орындалуын қатты қадағалағыш, ешбір ағаттық, шалыс басушылыққа жол бермейтін талапшыл. Енді қайттік? Амал-айла азайып, Құтылуға өткел іздеп тарықтық. Досым менің ұяң еді ғажайып, Әжем өте қ а т а л еді, жарықтық (М.Шаханов, Ғасырлар.). Уақыт деген кері ақпайтын бұл өзі Бұрқ-сарқ етіп таудан құйған тас бұлақ. Қызық-ақ тым, қ а т а л-ақ тым мінезі, Асықпасаң бара жатыр басқылап (Т.Айбергенов, Мен саған.). Ата-ана қ а т а л болса, бала да қатал; ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. Қатты, жайсыз, қолайсыз (табиғат). Хат сөзін естіп апамыз, Айырылды кенет тілақтан. Келгендей бейне қ а т а л күз Саудырап түсті гүл бақтан (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Сәуір туды, жас жігіт бұйығы әлі, Қ а т а л қыс әлі әмірін бұйырады. Төрінен көрі жуық науқас шалдың Қолына су құяды, қиылады (М.Мақатаев, Шығ.). 3. Өрмінез, бірбеткей, алған бетінен қайтпайтын. Сол үйде жата берді, жата берді, “Оқыдеп орыс шалы бата берді. Арттағы ағайындар бұза алмады, Оқуға денін қойған қ а т а л ерді (О.Шипин, Дастан.). “Момын елге бек болдың” деп Бұқарым äәлдеп айтты. Ол емес сөз жұтарың. Абылай ханды ауыздықтар жырменен, О, данышпан! Тапты сөздің ұтарын. Болса дағы байтақ елге тым қ а т а л, Абылайда үн жоқ сонда тіл қатар (К.Салықов, Жезкиік). 4. Қатыгез, рақымсыз. Басында тәж, алтын қамқа кигені, Қаны қара қ а т а л еді не деген! Азияны Ақсақ Темір биледі, Тірісінде ешкім ақсақ демеген (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Қиямет еді ол заманның жолдары, Қ а т а л бастық қатал тәртіп қорғады (К.Салықов, Жезкиік). 5. Мүлтіксіз, бұлжытпай. Автокеруен шеруі қаланың бас көшелерімен өтіп, халықты жол ережесін бұзбауға және оны қ а т а л сақтауға шақырады (“Егемен Қазақстан”). 6. Өзгертуге ешкімнің құдіреті жетпейтін, мызғымас, бұлжымасаң, салт). Бұл сөзіңе, қалқам-ау, бас изермін, көнермін, Мен көнгенмен не шара, заңы қ а т а л өнердің (М.Шаханов, Ғасырлар.). Бәрі бітті. Құлайды арман дауыл жыққан қайыңша, Ел күлмей ме ессіз үрей ықпалына бой ұрса?! Өзін-өзі өлтіруге тиісті еді Транзей Сол кездегі өміршінің қ а т а л заңы бойынша (М.Шаханов, Ғасырлар.). Салты ғой қ а т а л сен жақтың Бұйрықсыз болмайды ештеңе. Бұйрығын күтпей сержанттың Жаза бер ерте, кеште де (C.Жиенбаев, Алтын қалам). 7. Аса жауапты, тым қиын да күрделі. Бұдан отыз жыл бұрын Алдияр хан, маған сеніп бердіңіз Осы қ а т а л қызметтің шылбырын. Отыз жылдай бастың емес, дененің Қызметін ғана атқарып келемін (М.Шаханов, Ғасырлар.).