ҚАТАЛА

lat: QATALA

е т. 1. Таңдайы кеуіп, қатты шөлдеу, аузы кебірсіп сусау. Сусыны жоқ жолаушыдай қаңсыған, Сусыным бір қанбай, мені жаншыған. Жүректің бір қалағаны бар шығар Қ а т а л а ғ а н шөлімді бір басар ма ем, Сусын ішіп даладағы малшыдан (М.Мақатаев, Шығ.). Бала үйге енді тағы “аталап”, Дәулет деген шөлдеп кепті қ а т а л а п. Тоқсан жылда кездеспеген дәулетке Жоқ, деді шал, менде мейір-махаббат (С.Мәуленов, Алыс кет.). Түсте ат шалдырған жерде қақтаған ащы еттерін жеп, ауыл қашан көрінер екен деп, Жаңабай қ а т а л а п келе жатты (Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Жауынашынның болмауынан, өзен-көлден алыс жатқан жердің қуаңдануы. Қызылқұмда мекенім, атаабам, Жерім жатыр сусырап қ а т а л а ғ а н, Мұның бәрі маған мұң (М.Шаханов, Ғасырлар.).