ҚАТЫГЕЗДІК

lat: QATYGEZDİK

з а т. Адамның мінез-құлқындағы жағымсыз іс-әрекет; қаталдық, мейірімсіздік, тасжүректік. Қас пен досты айыра алмай, соңғы кезде бойын мейлінше билеп кеткен қ а т ы г е з д і к қаныпезерлігі де осыдан шыққан-ды (I.Есенберлин, Қаһар). Отбасындағылардың бір-біріне деген жанашырлығын, махаббатын, достық пен мейірбандықты, табандылық пен өжеттілікті, қ а т ы г е з д і к пен жауыздықты, табиғат сұлулығы мен адам жанын суреттеуде бала тілімен сөйлеп, бала қиялына ерік беретін жазушылар мен баспагерлер аямай тер төгеді (“Айқын”).