ҚАУЫМДАСТЫҚ

lat: QAÝYMDASTYQ

з а т. 1.ат. associatio> Бірлестік, одақ; ортақ шаруашылық мақсатқа жету үшін (мысалы, пайдадан үлес, салынған капиталдан дивиденд алу үшін), сондай-ақ, саяси, ғылыми, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдардың немесе жеке тұлғалардың шарт негізінде бірігуі. Бұған дейін “ҚазМұнайГазҰҚ АҚ, “Қазақстан теміржолы ҰҚ АҚ, “Қазақстан Инжиниринг” ҰҚ АҚ, “ҚазпоштаАҚ, “Атамекен” одағы, “Кнауф Гипс Қапшағай” ЖШС, “Kazenergy”қ а у ы м д а с т ы ғ ыҰҚ АҚ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі мен “Азия Авто” АҚ, сондай-ақ Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының әкімдерімен осындай келісімшарттарға отырған болатын (“Айқын”). 2. Ұйым, топ. Өзіне-өзі нық сенген үкімет өзі “ұрылардеп атаған қ а у ы м д а с т ы қ т ы ң үстеліне отырмас болар (М.Шоқай, Таңд.). 3. Белгілі бір мүддені көздеген, ісрекеті, қызметі мен құқығы заңдастырылған, арнайы құрылған қоғамдық, халықаралық ұйым. Жуырда Алматыда Дүниежүзі қазақтары қ а у ы м д а с т ы ғ ы н ы ң кезекті халықаралық құрылтайы болып өтті (“Қаз. әдеб.”). Жергілікті өзінзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қ а у ы м д а с т ы қ т а р д а ғ ы сайланбалы және басқа жергілікті өзінзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады (ҚР Конституциясы).