ҚАУІП

lat: QAÝİP

[ар. خوف ] з а т. 1. Қорқыныш, үрей; сақтық. Еменім, сен білмесең, мен айтайын, Менен де сенің қ а у п і ң артығырақ. Ол рас сені әлі жеңе алмай жүр, Кез келмей күші сенен басымырақ (А.Байтұрсынов, Шығ.). Тегінде қ а у п і н айтқаным ғой. Әйтпесе, дәулетсіз кісі болыс болу оңай емес қой... Сүйтсе де арғыдан ойлайтын зымиян бала (Ж.Аймауытов, Шығ.).Қазақты” қай күні жауып тастайды, өзімізді қай күні айдап жібереді деген қ а у і п зор еді (М.Дулатов, Шығ.). 2. и н ф. Мәліметтерді абайсызда немесе әдейі бұзу, жария қылу және рұқсатсыз өзгерту, ақпаратты ұрлау және тағы осы сияқты әрекеттерден төніп тұрған қауіп. Қ а у і п, әдетте, қорғанысты әдейі бұзу салдарынан пайда болады, бірақ кейде абайсызда пайда болуы да мүмкін, мысалы, файлды қарап шығу кезінде немесе апаттық істен шығу кезінде туындайды (Қаз. тілі. термин. Информатика.).