ҚИСЫҚ

lat: QISYQ

с ы н. 1. Бір жағына қисайып кеткен, түзу емес. Селтеңдеп, қонышы жыртық етіктің қ и с ы қ өкшесі ғана көрінеді (Ж.Ташенов, Өтелген парыз). Қ и с ы қ арба жол бұзар, Дүмше молда дін бұзар (Қаз. мақал.). Қ и с ы қ болса да жол жақсы, Долы болса да қыз жақсыақал.). 2. Әбден ескіріп, тұрпаты өзгеріп, майысып кеткен. Қимай жүргенің қ и с ы қ мылтық пен астыңдағы ат қана ма? (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). // Тік емес, көлбеу, қиғаш. Баланы нәрсеге түзу қаратпай, қ и с ы қ қарату да зиянды. Баланың жүре алмай қалуы осыдан (М.Жұмабаев, Педагогика). 3. а у ы с. Қырсық, қыңыр, кесір. Әлгі қ и с ы қ сөздің иесінің де қ и с ы қ ойлы жан екенін бірден сездім. Одан сескене бастадым (I.Есенберлин, Алтын.). Нағашым қ и с ы қ кісі болған екен, қайдан сандалып соған тартқанымды (С.Досымов, Күз демі). Көңілдің қ и с ы қ мінез, кінәратшыл, такаппар толқындай ойнамалы болғаны қандай жаман (Ә.Ибрагимов, Нағыз қайнар). // Қыңыр, қырсық мінезді адам. Достарыңа сыр сөйле, Сонда да саған аз қалмас. Тамам талды жинасаң, Қ и с ы қ т а р д ы түзеткен Қайыңнан ойған тез болмас (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 4. м а т. Кеңістіктің геометриялық нүктелерінің орны ретінде қарастырылатын геометриялық ұғым. Сонымен, парабола тұйықталмаған, шектеусіз созылып жатқан әрі Х осі оның симметрия осі болып табылатын қ и с ы қ болатын болды (О.Жәутіков, Жоғары математика.). Декарттың әмбебап математикасы үшін әріп алгебрасы мен қ и с ы қ т а р геометриясы арасындағы өзара байланысты тағайындау қажет (А.Көбесов, Математика.). Жазықтықта алынған жылжымай бір орында тұратын нүкте мен түзуден қашықтықтарының қатынасы ылғи да тұрақты шамаға тең болатындай болып қозғалушы нүктенің сызатын қ и с ы ғ ы н екінші ретті қисық деп атайды (О.Жәутіков, Жоғары математика.). // Терістік, дұрыс еместік, адасушылық. Бірақ адал азамат күресуге, қ и с ы қ қ а қарсы тұруға міндетті (Ақ отау). 5. Теріс, бұрыс; қате, адасқан. Селтең-селтең қ и с ы қ жүріс жат маған, Сенің сырың Менің жырым жаттаған (Қырзалиев, Қош.). Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қ и с ы қ жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін (Абай, Тол. жин.). 6. Әділетсіз, жалған. Шариғатта қ и с ы қ билік айтқан бидің орны дозақта деген (Ә.Бөкейханов, Шығ.). // Терісінен, оңынан емес, қателікпен, адасып. Түзу кел, қ и с ы қ, қыңыр, қырын келмей, Сыртын танып іс бітпес, сырын білмей (Абай, Тол. жин.).