ҚИСЫҚТАУ

lat: QISYQTAÝ

с ы н. Аздап қисық өскен, қисайыңқыраған. Етік аяғыма жақсы сыйды. Біреуінің бір өкшесін қ и с ы қ т а у салыпты (Б.Тұрсынбаев, Айнымас.). Қ и с ы қ т а у басы көрінед, Тигендей зиян мойынға (Айтыс). Моңғолдардың көздері негізінде қ и с ы қ т а у, көз шарасы қиғашырақ, қазақтікі дөңгелектеу (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Сәл қ и с ы қ т а у бітіпті, Сол иығы... сол қолы (Ж.Саин, Таңд.).