ҚИСЫҚТЫҚ

lat: QISYQTYQ

з а т. 1. Бір жағына қисайып кеткендік. Дене қ и с ы қ т ы ғ ы н түрлі аспаптармен емдеуді ғылым тілінде ортопедиялық әдіс дейді (Е.Оразақов, Дәрігер.). Жер меридианының қ и с ы қ т ы ғ ы әр жерде бірдей емес, полюстер маңында меридиан доғасы радиусы үлкен дөңгелекке сәйкес, ал экватор маңында радиусы кіші дөңгелекке сәйкес (Х.Әбішұлы, Халық астрон.). 2. а у ы с. Кесірлік, қырсықтық, қыңырлық. Баяғыда бір меселімді қайтарып жерге қаратып едің. Тағы да сол қ и с ы қ т ы ғ ы ң а басып отырсың (Т.Қажыбаев, Айналайын.). Екеуі ең алғаш қоңсы қонған жылы-ақ сол қ и с ы қ т ы ғ ы м е н бұған жақпай қалған (Д.Әшімханов, Аққаба.). Қартайсам да менде де қ и с ы қ т ы қ бар, деп Тәкең мұртын сипап қояды (Ғ.Иманбаев, Құстар.). 3. м а т. Қисық сызықтыңеттің) тік сызықтаназықтықтан) ауытқу дәрежесін сипаттайтын шама. Қисық сызықтың қ и с ы қ т ы қ теориясы теориялық және қолданбалы механикада, физика мен техниканың басқа да бөлімдерінде кеңінен қолданылады (ҚҰЭ).