ҚИЯР

lat: Qıar

з а т. ө с. <лат. cucumis > 1. Асқабақ тұқымдас, жатаған сабақты, біржылдық бақша дақылы. Жатаған өсімдіктердің тобына асқабақ тұқымдас қауын, қарбыз, асқабақ, қ и я р өсімдіктерінің бәрі де жатады (Т.Таубаев, Жасыл әлем.). Асқабақ, қарбыз, қауын, қ и я р л а р ғ а, Реттеп желі тартып көгендедім (Айтыс). Қ и я р д ы ң негізгі Отаны Үндістан, онда б.з. 3 мың жыл бұрын өсіріле бастаған (ҚҰЭ). 2. Осы дақылдың жасыл түсті, сопақша жемісі. Қ и я р ғ а тұз сеуіп жесе, бұнан да тәтті болады, деді біреу. Енді әрқайсымыз төрт-бесеуден қияр әкеп, пышақпен ұзынынан екіге бөліп, арасына аздап тұз сеуіп, жеуге кірістік (Ө.Қанахин, Өз ақылы.). Жегелі жасық қ и я р д а н, Алдында тақтай үстелі, Сен Абақтың жүйрігі, Мен тұлпары тарақтыңамбыл, Шығ.). Бір қолына қолақпандай қ и я р ұстап бұжыр танау прораб шықты (Қ.Ысқақов, Қараорман).