ҚОЛҒАП

lat: QOLǴAP

з а т. Қолды суықтан, я түрлі жарақаттан сақтау үшін, матадан, былғарыдан, резеңкеден жасалған, не жүннен тоқылған қолға киетін киім; биялай. Әйелдер тоқып жатқан жылы қ о л ғ а п қаншама (З.Ақышев, Жесірлер). Алуа шам жарығында ыңылдап, қой жүнінен қ о л ғ а п тоқып отыр екен (С.Алдабергенов, Асу). Ауру немесе күдікті малды соярда союшы қолына резина қ о л ғ а п киеді (Т.Телеуғалиев, Ет. эксперт.).