ҚОЛДАНБАЛЫ

lat: QOLDANBALY

с ы н. Практикалық мәні бар міндеттерді шешуге арналған. Ғылым, өнер салаларында өмірдің қажетін өтеу мақсатында қ о л д а н б а л ы зерттеу бағыттары күрт дамып келеді. Солардың бірі қолданбалы өнер (“Қаз. әдеб.”). Аталған ғылыми және қ о л д а н б а л ы жұмыстардың нәтижесі, оларды дүниежүзілік ғылыми бірлестіктердің мойындауы бізге арнайы Қорлар ұйымдастырған конкурстарға табысты қатысуға, жұқа қабықты материалдар мен құрылымдарды зерттеу және зерттеп дайындау бойынша аймақтық орталықтарды құру үшін қажетті жабдықтарға грант жеңіп алуға мүмкіндік береді (“Егемен Қазақстан”).