ҚОЛДАУ

lat: QOLDAÝ

з а т. 1. Малдың алдыңғы аяғының қара етті жерінің қолтықпен түйіскен тұсы. Алғабас қайта айналып келіп, қара айғырдың дәл қ о л д а у ы н а теуіп кеп жіберді (А.Жағанова, Еркежан.). Қ о л д а у еті бесіктей, қоян жонды, Қайыспас берік мұз бел, арт салдуар (Батырлар жыры). 2. Өкпе тұс, қолтық, кеуде, төс. Қ о л д а у ғ а дейін күп болып ісіп кетті (Қ.Әжікеев, Жылан.). Үшінші найзаға үлгіре алмады, оң қ о л д а у ы н а жанай кеп тиді (Д.Досжанов, Жібек.). Қ о л д а у ы н а жуытпаған тепкіні Боз жорғаның алып ұшты екпіні (X.Ерғалиев, Құтты.).