ҚОЛӨНЕР

lat: QOLÓNER

з а т. 1. Қарапайым еңбек құралдарының көмегімен қажетті әртүрлібұйымдар жасайтын қол өндірісі. Қазба жұмыстары кезінде анықталғандай, VII-IХ ғасырларда осы жерде тұрғындары ауыл шаруашылығымен және әрқилы қ о л ө н е р м е н айналысқан шағын елді мекен пайда болған көрінеді (“Парасат”). Қазақ халқының қ о л ө н е р і сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). Қазақ пенен қалмақтың ортақ жері, Қаңлының сол заманда көп шебері, Сүйек ою, күмістен құрал жасау. Кесте, ою, кілем тоқу қ о л ө н е р і (Ш.Әбенов, Кейпін.). 2. Әдетте әйел адамының айналысатын тігін тігу, кесте салу, сырмақ сыру, т.б. сияқты қолеңбегі. Адар тоқу әдісінің аты өрмек. Ол көне заманнан келе жатқан қ о л ө н е р і. Өрмек тоқудан бұрын жүнді қылшықтап, түтеді. Оны шүйкелеген соң ұршықпен иіріп, иірілген жіпті төгеді (домалақтайды) (С.Мұқанов, Шығ.). 3. Қандай да бір бұйым, зат жасап шығаруға баулитын кәсіп. Егер де мал керек болса, қ о л ө н е р үйренбек керек (Абай, Тол. жин.). Бай болған қ о л ө н е р д е н тапқан пұлдан, Данышпан адам болмас одан жылдам. Жалғыз-ақ адам жасап, жан салмайды, Өнердің одан басқа бәрін қылған (Ә.Найманбаев, Шығ.). // Қолөнер туындысы. Аудиторияда Потанин отырған орындық артында қазақтың қ о л ө н е р і н і ң сүгіреті ілінулі тұр еді (“Қазақ”).