ҚОЛӨНЕРШІ

lat: QOLÓNERSHİ

з а т. Қолөнерімен айналысушы шебер. Торғайдың өзі мен Батпаққарада жұмысшылар жоқ, жайдағы ұсақ қ о л ө н е р ш і л е р ғана (М.Жұмағұлов, Қыран.). Құлдық қоғамда құл иеленушілер мен құлдардан басқа ерікті шаруалар мен қ о л ө н е р ш і л е р де болды (Е.Байзақов, Еңбек.). Ақын-шешен, әнші-жыршы, Қ о л ө н е р ш і шеберлер, Киім тігіп, кесте салған Таң-тамаша көрсетсе өнер (Н.Ахметбеков, Амангелді).