АЗАМАТ

lat: AZAMAT

(Сем., Үрж.) оқыған, қызметкер.

Мен жасымда азаматтармен көп жолдас болдым.

Азаматтың қосшысы болу да ол кезде көрім іс еді (Сем., Үрж.).

[Түрікше азамат: 1) ұлылық; 2) тамаша; 3) мақтаныш (Тур.-рус. сл., 1977, 84);

қырғ. азамат жігіт (К. Юд., КРС, 25);

өзб. азамат батыл, батыр, ер жүрек (Узб.-рус. сл, 1959, 25).

Түркі тілдеріне араб тілінен ауысқан. Арабша «ғазамәт» сөзінің көптеген мағыналары бар. Солардың ішінде «маңыздану», «үлкейе бастау», «байсалды болу», т. б. (Ар.-рус. сл„ II, 1970, 670)].