ЖАЙЫН

lat: JAIYN

1. (Гур., Бақс.; Қ.орда, Арал) жай, бос.

Ол уақытта бұндай жұмыс жоқ, ж а й ы н нәрсе ғой (Қ.орда, Арал).

Комсомол ұйымы ж а й ы н жастар мен комсомолдардан екі звено құрған (Қ, орда, Арал).

2. (МХР) тыныш, жайымен.

«Жау шапты!», «Ұры әкетті!, «Аттан-аттандеп қиқулаған үн апақ-сапақ мезгілде атой салған ұранды дауыс ж а й ы н жатқан елді дүр сілкіндірді (С. Тәу., Арм. тау, 76).

Бұл орыс ж а й ы н жатпай Кытай, Монғолда несі бар? (С. Тәу., Арм. тау, 107).