КӨКТЕМЕ

lat: KÓKTEME

(Орал: Чап., Жымп.; Гур., Маңғ.; Түрікм., Красн.) көктем, жазғытұрым. К ө к т е м е д е бұл бала мектепті бітіреді (Орал, Чап.). Сол жылы мал атаулы к ө к т е м е г е зорға шықты (Түрікм., Красн.). Тағы да әзір болсын керек көлік, Қойыңдар тұқымды да сортқа бөліп. Тұқымның әзірілігі жақсы болса, Кетеді к ө к т е м е д е өсіп-өніп («Екп. жол», 30.03.1958). Он алты жас - қыз үшін нағыз к ө к т е м е н і ң көріктеп бір құлпыратын шағы іспетті ғой (О. Бек., Өз от. еш., 119).