КҮЗЕ

lat: KÚZE

(Гур., Маңғ.; Ақт., Жүр.; Түрікм.: Красн., Ашх., Таш.; Ауғ.; Ир.) 1. қыштан жасалған құмыра.

Кішкене күзеде ішзат қалмаған ба? (Түрікм., Ашх.). [Түрікменше күйзе (Туркм.-рус. сл.); қарақ. гузе (Рус.-карак. сл.); өзб. куза (Узб.-рус. сл., 1959); аргу коза құмыра (М. Қашк., I, 341); пар. күзе құмыра (Л. Буд., II, 155); ұйг. коза (Уйг.-рус. сл.; 1968)].

2. (Қарақ.) жіңішке мойынды келген тұтқалы ыдыс.

Әдетте күзені тек мыстан істейді (Гур., Маңғ.).

3. (Ауғ.; Ир.) черепица.

Күземен жабылған тамдар әлі де тұрыпты екен дә (Ир.).