КҮРТЕ

lat: KÚRTE2

(Гур., Тең.; Орал, Чап.; Түрікм.: Таш., Мары, Красн.) ішіне мақта, жүн салып, сырып тіккен қысқа сырт киім.

Әлгі дауыс қайта-қайта естіле берген соң, мен күртемді кие сала далаға шықтым (Түрікм., Красн.).

Екеуінің де иінінде мақталы сырмақ күрте (Ж. Нәжім., Кішк., 163).

[Қарақалпақша күрте (Карак.-рус. сл., 1958); түр. курдіэ қысқа көйлек (Л. Буд., II, 122)].