ҚАЛАМПЫР

lat: QALAMPYR

(Шымк., Түркіс.) тауда өсетін шөп түрі.

Қалампыр таудың күнгей бетінде өспейді, көлеңке жағында өседі.

Қалампыр қысы-жазы көкпеңбек болып тұрады.

Қалампыр дәні жуалдыз сияқты, байқамаса қолға кіріп кетеді.

Қалампырдың тамырын дәмдеп шай етіп ішеді, иісі хош иісті болады (Шымк., Түркіс.).