ҚОСУ

lat: QOSÝ

(Алм.: Еңб. қаз., Шел., Қаск., Жам.; Жамб.: Шу, Мер., Луг., Қорд., Жуа.; Шымк., Түлк.; Шығ. Қаз., Марқ.) жегу (ат, өгіз).

Екі атты арбаға қосқан (Алм., Жам.).

Таң атқалы атты арбаға әрең қостық, біз не бітіреміз (Жамб., Қорд.).

Балалар бірдеңке қосып жатыр ғой деп едім, басқа болып шықты (Жамб., Шу).

Арбаға атты өзім қосам (Жамб., Жуа.).

Балам, тез барып атты қоса қойшы (Шығ. Қаз., Марқ.).