САЯХАТ

lat: Saıahat

(ар. сиахат سياحة)   

1. Жол жүру, сапар шегу.

Мініп-ап қол қайықпен Жәмшид батыр, Жүр еді дарияда қып саяхат («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

2. Ел аралап, жаһан кезу.

“Аралап, деді, елді саяхат ет”, Дегенді Асылбек те мақұл көрдіАсылбек пен Гүлжиһанның қиссасы». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).

Қасында бес жүз кісі саяхатпен , Болмайды кімдер жолдас асыл текпен («Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).