ҚҰРТҚАШАШ

lat: QURTQASHASH

1. (Алм., Шея.; Ақт., Шалқ.) жуаның сабағы тәрізді көк шөп.

Құртқашашты жылқы жақсы жейді (Алм., Шел.).

2. (Қ.орда, Арал) жазық жерге тал-тал болып өсетін, тырбықтау, жарты метрдей көкшіл гүлі бар өсімдік.

Құртқашашты июнь айынан бастап мал жейді, әсіресе, жылқы көп жейді (Қ.орда, Арал).

Құртқашаштың жас кезінде көк гүлі болады, июнь айынан бастап қуқыл тарта бастайды (Қ.орда, Арал).

3. (Қ.орда: Сыр., Жал.; Шымк., Түркіс.) ұзындығы 30-40 см, түсі көкшіл боздақ, құмдақ жерге шығатын шөп.

Құртқашаш майда шаш тәрізді малға жұғымды (Қ.орда, Жал.).

Құртқашаштың басында көк гүлі болады. (Шымк., Түркіс.).