СӘЛЕМ

lat: SÁLEM

(ар. салам سلام)     

1. Бейбітшілік, тыныштық, амандық.

2. Сәлемдесу, сәлем алу.

Келіні сәлем етіп о да келді, Келгенін келінінің Қабаң білді («Қабанбай батыр қиссасы». Бабалар сөзі. 58-том. 2010. 100 томдық).

Қыз пақыр жауап берді, сәлем алып: Біз де адамзат, жүріппіз кәріп болып («Сейпілмәлік». Бабалар сөзі. 17-том. 2005. 100 томдық).

Дұғай сәлем [дуай-дуай сәлем, дұға сәлем] көп сәлем жолдау.

Сұрасаң, алшын елім, батыр ағам, Мың жылдық дұғай сәлем құдаңыздан («Қарға батыр». Бабалар сөзі. 22-том. 2005. 100 томдық).

Қос жалғызға сәлем де дуай-дуай , Күләп келді, жүрмеспін енді жылай («Қозы Көрпеш Баян қыз » (Г.Н.Потанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

Үш жүзікті тапсырып Қозыкеге, Үш қызға сәлем деді дуай-дуай («Қозы Көрпеш Баян қыз » (Г.Н.Потанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 54-том. 2009. 100 томдық).

Жайымызды айталық, тақсыр, енді, Атамыз сізге дұға сәлем деді («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).

Сәлем әйла сәлем айт.

Жолықсаң тауып алып қай орында, Өтініш мен ғаріптен сәлем әйла («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Сәлем хат амандық сұрасып жолданған хат.

Сәлем хат зары қылып сөз жазыпты, Қайғысын көңіліндегі білдіріпті («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).