МӘҢГІ

lat: MÁŃGİ

(Павл., Үрлі.) жынды, есалаң.

Мәңгі итті асырауға болмайды (Павл., Үрлі.).

Бұлай сөйлей берсең, жұртты мәңгі етесің (Павл., Үрлі.).

Тіпті өзіне салса да, тап осы қазір жаяу-жалпылап жүре бер десе, жүре берер еді.

Онысы әншейін мәңгінің қиялы ғой (Ә. Кекіл., Үркер, 429).

Бұл сөз мәңку түрінде де айтылады.

Азаматың маубас, мәңку өлерін білмейтін, аңқау, көз алдындағыдан басқаны көрмейтін соқыр (Б. Майл., Шығ., V, 200).