Түйір

lat: Túıir

(Гур., Тең.) балықтың ыстық сорпасына нан, пияз турап, бұрыш салып істелетін тамақ.

1. Бізде қайнаған суға ұн қосып қойылтып істеген тамақты түйір дейді.

2. Қонақтар, түйір даяр болды, келіңіздер, түйір жейік (Гур., Тең.).

3. Үлкен екі-үш шараға... сухар, пияз, бұрыш салынып, майлы сорпа құйылып, түйір де дайын болды (Ә. Сөр., Тол. туғ.).