ТАБИҒАТ

lat: TABIǴAT

(ар. табиғат طبيعة)   

1. Қоршаған орта, сондағы органикалық, бейорганикалық заттар, табиғат.

Қосылған тау жаңғырып сай-салалар, Балқытты әдден аса табиғатты («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Әр іс бар таңғаларлық табиғатта , Дәмі мен ырзық берген ұшқан құсқа («Жетім көдек». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

2. Болмыс, мінез, ерекшелік.

Қылғаны ізгі ғамал, ол жақсылық, Мүләйім табиғаты һәм хош қылық («Он түрлі боп адамның тірілмегі». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Ауыстырды Харистің табиғатын, Жемей-ішпей қылыпты ғибадатын («Шаһмаран». Бабалар сөзі. 2-том. 2004. 100 томдық).