ТАЛАП

lat: TALAP

(ар. талаб طلب)   

1. Ұмтылыс, ынта, талпыныс.

Оларға Құдай берген таудай талап, Бір өзін ұрыс қылыпты көпке балап («Қисса Салсал». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

Ұрғанмен қалқанынан өтпей тұрды, Қылышын Қамам да алып талап қылды («Орқа Күлше». Бабалар сөзі. 1-том. 2004. 100 томдық).

Сонда да талап қылып ел іздейді, Қиын жер қатерлерден қылмай қауып («Абылай хан әңгімесі». Бабалар сөзі. 57-том. 2010. 100 томдық).

2. Тілек, өтініш, талап.

Көрейін сізбен күресіп, Падишам, талап қылсаңыз («Мұхаммед пайғамбар». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық). Талапнама жазбаша хат арқылы талап ету.