ЫСТЫҚ

lat: YSTYQ

(Түрікм.: Красн., Бекд., Небид., Ашх., Таш.) үй ішінде түтіннен, т.б. пайда болған кір, өрмекші ауы, торы.

Күтпеген соң, үйдің бұрыштарына ыстық тұрып қалған (Түрікм., Бекд.).

Жұмысшылардың үйлеріне барсаң, үй майлаусыз, ыстық, терезелері ашық-тесік тұрғанын көргенбіз («Жұм-шы», 22.04.1953).

2. (Гур., Маңғ.; Түрікм.: Красн., Таш.) күйе, шаң басқан кір жер (ыс).

Үйдің пәтегі (қ.) ыстық-ыстық, оны тазартумен де ісі жоқ (Түрікм., Таш.).

Үй төбелері ысты -ыстық (Түрікм., Красн.).

Оқушылардың жатақ орындары ... ыстық-ыстық, лас (К-зшылар үні», 12.02. 1938, №14).