Пікірталас

lat: Pikirtalas

з а т. Өз ойын, идеясын ортаға салу, қорғап сөйлеу, пікірсайыс.

Қорғау үстінде кейбір мәселеден Мұхаңмен келісе алмайтындығымды айтқанда, Мұхаң ешқандай реніш білдірген жоқ. «Бәлі, ғылымда осылай пікірталасы болғаны абзал», деп қайта оныма сүйсінгендей болды (Біздің Мұхтар).

Сүйікті газетіміздің 10 февраль күнгі (1982) «Қыздар қалай ойлайды екен?» пікірталасына орай жарияланған мақалалар жастардың қайсысын болса да ойландырары сөзсіз («Лен. жас»).