Піл

lat: Pil

з а т. з о о л. Екі үлкен сойдақ тісі бар, ұзын тұмсықты, сүтқоректі аса ірі хайуанат.

Африка пілінің сойдақ тісінің салмағы 80 кг, ұзындығы 2 метрге жетеді (ҚСЭ).

Аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр, түлкі, киік, бұғы, марал, арқар,таутеке, сілеусін, құлан, бұлан, маймыл... не керек, дүниежүзіндегі жан-жануардың бәрін сонда жинаса керек. Қартқожа пілді де көрді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Піл орасан жүк тасып, Таңдандырса бар елді. Адам оймен нық басып, Арқалайды әлемді (С.Қалиев, Дүрбі).