Піс

lat: Pis

ет. Саба мен күбінің ішіндегі қымызды, іркітті піспекпен күрпілдетіп шайқап, бабына келтіру.

Босағада малшы қатын үлкен күбіге іркіт пісіп тұр ( М.Әуезов, Таңд. шығ.).

«Тай жүзгеннің» піспегін арқанға кереді екен де, екі қарулы жігіт әрең көтеріп піседі екен (С.Мұқанов, Халық мұрасы).

Түнде әлденеше тұрып, бие сауады, борпылдатып қымыз пісіп отырады (М.Иманбаев, Сұлу).