РАҚМЕТ

lat: RAQMET

ар. з а т. Ілтипат білдіріп айтылатын ризалық алғыс.

Себеп не екен? Бастап мені таптыңыз, Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз. Мен даярмын, рақмет сізге, қарындас, Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз (М.Жұмабаев, Шығ.).

Абай ешнәрсе демеді. Тек қана үлкендерге еріп бата қылып: Рақмет! Батаңызға рақмет! Дегеніңіз келсін, Байсал аға! деді (М.Әуезов, Шығ.).