РЕНЖУ

lat: RENJÝ

Ренжі етістігінің қимыл атауы; көңілі қалушылық, кеюшілік, налушылық, қапаланушылық.

Камизиннің қабағы жабыңкы, түсінде ренжу (Б.Майлин, Шығ.).

Нендей ауыр, зілді сөздер айтылса да, ренжуді, кек тұтуды білген емес-ті (Бөйшешек).

Ренжу кірсе көңілге, Сәндірер шамды дауылдай (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).