РУ

lat:

зат.этн. Түркі тектес халықтардың бір әулеттен тараған туыстық, қандастық тобы, аталас ел.

Туысқан, ағайын аузы біріксе, алысқа шығып жүрген айдын, әншейіндегі мықтылық, ру шебінің ішінде бос сөз екеніне де сонда көзі жетті (М.Әуезов, Шығ.).

Салмағы саған қатар келе алмайды,

Қай қазақ, мақтанса да өзін баулап.

Руың Жетіруда Жағалбайлы,

Ары үшін жауға шапқан Манатаулап (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Әскері Қарауыл өзенінің бойында жатып, он екі рудан он екі кісі маңғұлдан өз заңы бойынша «хан» деген үлкен биіктің басында, ақ киізге Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді (Абай, Тол. жин.).