САҚТАНДЫРУ

lat: SAQTANDYRÝ

Сақтандыр етістігінің қимыл атауы. 1. Қорғаныс, сақтық жасату, алдын алу.

Сақтандыру шаралары әлі де болса жеткіліксіз (Ж.Әбиев, Биология.).

Жүгері майын атеросклероз ауруынан сақтандыруға, тіпті оны емдеуге пайдалануға әбден болады (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

2. экон. Жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін олардың төлеген сақтандыру жарналарынан құралатын ақша қорлары есебінен қорғау жөніндегі азаматтық-құқықтық қатынастар.

Сақтандыру сақтандырушылардың сақтандыру жағдайлары салдарынан шеккен залалдарын өтеу үшін сақтандырылушылардың жарналары есебінен сақтандыру қорының құрылуына байланысты осы қорға қатысушылардың арасында туындайтын қайта бөлу қатынастарының жүйесі (Қаз. тілі термин. Экономика.).

Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады (ҚР Конституциясы).

Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді (ҚҰЭ).