САЛМАҚТЫЛАУ

lat: SALMAQTYLAÝ

сын. 1. Ауырлау, салмағы көптеу.

Кучугур қойының өзгешелігі ұзын (жалпақ) құйрықты, шамалы жүн өнімі бар,салмақтылау боп, жергілікті жағдайға бейімделгіш, берік келеді (Ш.Жанәбілев, Қаз. мал. атау.).

2.ауыс. Байсалдылау, байыптылау. Үміттің мінезі салмақтылау, тұйықтау ғой (Б.Аманшин, Жар мұңы).

Екінші бурыл, оның денесі жуандау, мінезі салмақтылау (С.Мұқанов, Есею жыл.).