САЛТАНАТТЫ

lat: SALTANATTY

сын. 1. Бай, дәулетті.

Көлеңке қылып басына,

Кілем төсеп астына,

Салтанатты байлардың

Самаурыны бұр қылдап (Абай, Тол. жин.).

Отырған жері күлкі базар еді,

Сауықтың салтанатты ажары еді.

Әншілік, ақындықпен туа біткен,

Сиқырлы ойындары ғажап еді (С.Мәуленов, Алыс кет.).

2. Ресми, мерекелік.

Салтанатты сапта тұр.

Ашық аспан мөлдіреп,

Күн төгеді шұғыла нұр (Ә.Ахметов, Өлеңд.).