САРАПТАМА

lat: SARAPTAMA

зат. жаңа. <лат. expertus> 1. Белгілі бір мәселені шешуде арнайы білім мен құрал-жабдықтар қолдануды қажет ететін зерттеу процесі.

Мемлекеттік ғылымитехникалық сараптама болды («Егемен Қазақстан»).

Соңынан сараптама мұның салмағы 19 кило, 420 грамм тартатын марихуана екенін анықтап берді («Егемен Қазақстан»).

2. Ғылым, техника, өнер т.б. салаларда үйлесімді қорытынды даярлау үшін шешімі арнайы білім мен біліктілікті талап ететін, кейбір мәселелерге маман (сарапшы) тарапынан жүргізілетін зерттеу.

Сараптаманың ғылыми зерттеуден айырмашылығы сол, ол құбылыстарды емес, болып кеткен жағдайды және оның себептерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Көбіне экономикалық, бухгалтерлік, медициналық, соттық сараптамалар жүргізіледі (ҚҰЭ).