САРАПШЫ

lat: SARAPSHY

зат. 1. Сарапқа салушы, бағалаушы, сыншы.

Халқымыз мұра етіп қалдырған ән мен күйлер өте көп, бірақ өнер туындыларына әділ сарапшы өмірдің өзі ғой (І.Омаров, Серпін).

Хан қарақшы, халық сарапшы (Мақал).

Тұрмағамбет өнер сайыстарына қатысқан айтулы ақындардың айтқан сөздеріне әділ баға беріп, сөз құнына түсініп, шатақ түйінін шеше білетін, таразыны тең ұстап, айтысты аяқтайтын төреші, алтын мен жезді айыратын сарапшысы болған (Айтыс).

2. Белгілі бір істің, мәселенің қаралуында дәл, соңғы тұжырым беріп, сараптама жасайтын білікті маман.

Әскери сарапшылардың келтірген мәліметтеріне қарағанда, бұл қару бірінші кезекте қарсыластар әскерінің денесін күйікке шалдырады («Егемен Қазақстан»).

Оның әртүрлі бояумен салған суреттері мен балшықтан жасалған мүсіндері де сарапшылардың сынына түсті (Е.Саликов, Алақан).

Мәселен, айғақты заттарды сарапқа салуға, сақтауға, басқа жерге жіберуге және зерттеуге байланысты барлық шығындар, сондай-ақ зардап шеккендерді, куәларды, сарапшыларды, мамандар мен аудармашыларды тергеу жалақордан өндіріліп алынады («Соц. Қаз.»).