САРҚЫРАМА

lat: SARQYRAMA

зат. 1. Биіктен құлай аққан су.

Тұмсық айналған сайын биіктен құлап түсетін сарқырамалар бар (Қ.Жұмаділов, Соңғы көш).

Мен Қызылқайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырамын (О.Бөкеев,

Қаратал екіншісі, басы Шажа,

Шажадан Көксу аққан сарқырама.

Текелі, Тентек, Быжы тағы да бар,

Олар да қосылады Қараталға (Қара өлең).  

Мен Қызылқайың сарқырамасының жағасындағы кәрі қайыңның түбінде ойға батып отырамын (О.Бөкеев, Қамшыгер). ,

 2. геогр. Өзен арнасын қиып өтетін кертпештен құлапаққан өзен суы.

Сарқыраманың суы бірнеше кертпештерден күрілдеуік құрап құлауы мүмкін (Қаз. тілі термин. Экология).

Дүниeжүзiндeгi аса ipi capқыpaмaлap: Oңтүcтiк Aмepикaдaғы Aнxeль (биiктiгi 1054 м), фpикaдaғы Tyгeлa (биiктiгi 933 м) жәнe Виктория сарқырамалары (биiктiгi 119 м) (Қаз. тілі термин. Сушар.).

Ниагарды талай заманнан бері дүниежүзіндегі ең үлкен сарқырама деп келген-ді (Ғалам ғажап.).