lat: SARYMAQ
зат. Жолбарыстың күшігі.
Құдай жарылқады деп түсіп, енді зытқалы тұрсам, артымда сарымағы бар әлгі шұнағым қайтып келе жатыр (Б. Қыдырбекұлы, Жолбарысты жаралаған Бақай// «Алматы ақшамы»).
Сөйтсем, бұл өлекшін әбден әккі қу екен. Өзі жем іздеу үшін ағаштың түбіне едәуір есейіп қалған, азу тісі болғандай сарымағын қарауылға қойып кетті («Алматы ақшамы»).