АҚУЫЗ

lat: AQÝYZ

малдың төлдегеннен кейінгі қою, құнары жоғары алғашқы сүті. Төлдегеннен кейінгі алғашқысы «қара уызды» төліне емізіп оттықтырып алады. Онан кейін бірнеше күн қатарынан сауған кездегі қою, майлы құнарлы сүтті қазақ ақуыз деп атаған. Қалыптасқан дағды бойынша барлық көрші-қолаң, ағайын-туысқа ақуыздан түгел дәм татыратын дәстүр бар. Мұндайда уызға қоса көтенішек қосып асады және ол ғұрыпты көтенасар деп атайды. Оның мәні малдың сүті көп болып, желіні ерте суалмасын, ақ мол болып, молшылыққа кенелсін деген өсіп-өну, өркендеу идеясымен байланысты.