АТА

lat: ATA

дәстүрлі туыстық қатынаста қолданылатын атау. Жеті атадан санағанда ру ішіндегі қандастық жігінде, үшінші буындағы тектің аталауы. Адам атадан Хауа анадан бері туыстық қандастық жік болып табылады. Ру тармақтарының басы. Әкенің әкесі. Ерлі зайыптылардың қайын әкесі. Көпшілік қауым тарапынан ақсақал деп ерекше қадірленеді. Дәстүрлі ортада мұндай кісілерге төрден орын беріп, әрдайым құрмет көрсеткен. Қазақта «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», «Аталы ел баталы», деген мақал бар. Ата сөзі қария, қарт, ақсақал деген сөз қолданысында да кездеседі. Ұрпақ үшін ол әрқашан А. дәрежесінде бола береді.