АТЫЗ

lat: ATYZ

суаруға арналған егістік жердің топырақ үйінділерімен аласалау етіп, бөлінген шағын бөліктері. Бас арық арқылы келген су атызға жап арқылы жіберіледі де, атыз толығымен суғарылып болған соң, келесі атызға жіберіледі. Егістікті атыз атызға бөлу арқылы суғару тәсілі Шымкент, Әулиеата, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы жерінде кеңінен қолданылған. Атыздан ағып шыққан артық суқашыртқы арқылы егістіктен шығарылады. Бұны ақаба су деп атайды.